«Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-технологиялық университеті» КЕАҚ аккредиттелген ғылыми ұйым және білім беру мекемесі болып табылады, ауыл шаруашылығында ғылыми және іздестіру жұмыстарын жүргізеді, сондай-ақ питомниктерде жартылай еркін ұстау жағдайында Қазақстандағы ақбөкендердің популяциясын зерттейтін жалғыз ғылыми ұйым болып табылады.
Болашақта "АSAR Live" тәлімбағының ғалымдары мен ұжымының алдында ақбөкендердің санын реттеу, патологиялардың алдын алу және ел аумағында биоәртүрлілікті сақтау бойынша жаңа мақсаттарды ескеріп, кешенді ғылыми-практикалық зерттеулерді жалғастыру қажет. Проблеманы зерделеуге кешенді ғылыми көзқарас қоныс аударатын жабайы жануарлар санының реттелуін сақтау жөніндегі іс-шаралар жүйесін әзірлеуге мүмкіндік береді.
"ASAR Live" ЖШС-нің Алматы хайуанаттар бағымен ынтымақтастығының нәтижесі хайуанаттар бағының аумағына тікелей тәлімбақтан келген екі ақбөкен болды. Жыл сайын ақбөкендерге оларды тексеру мақсатында тәлімбақ қызметкерлері келеді. Мұндай ұқыпты және ерекше көзқарас жариялылыққа тұрарлық және дала бөкендері мен адам ең жақсы қарым-қатынаста бола алатындығына мысал бола алады. Хайуанаттар бағындағы тәлімбақтың арқасында ересектер мен балалар Қазақстанның дала алқаптарының сұлулығына қызмет ететін сирек кездесетін жануарларды бақылауға мүмкіндік алады.
Бүгінгі таңда "ASAR Live" тәлімбағында университеттің профессорлық - оқытушылық құрамын, Қазақстан университеттерінің магистранттары мен студенттерін, Қарағанды хайуанаттар бағының мамандары мен жергілікті атқарушы билікті, сондай-ақ жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарын тарта отырып, бірлескен ынтымақтастықтың ғылыми ізденістері алынды.
"ASAR Live" тәлімбағы Қазіргі Қазақстандағы ақбөкенмен тәжірибелік жұмыстың ең үздік ғылыми алаңы болып табылады және бетпақдала популяциясының ақбөкендеріне жартылай еркін жағдайда ветеринариялық және экологиялық зерттеуді жүргізу үшін заманауи жабдықтармен және техникамен жабдықталған. Сонымен қатар, бұл қазақстандық жоғары оқу орындарының отандық ғалымдары мен магистранттарының тәжірбиелік алаңы, Қазақстанның этнографиялық және экологиялық туризмін дамыту аймағы.

