Киіктің, немесе «дала бөкені», денесінің ұзындығы, құйрығымен қоса алғанда, 110-нан 146 см-ге дейін, (высота холка) 60-тан 78 см-ге дейін, құйрығының ұзындығы 12 см-ге дейін жетеді. Оның салмағын анықтау қиын, өйткені ол ақбөкеннің жынысына байланысты және 20 - 40 кг аралығында ауытқып тұрады, дегенмен кейбір аталықтарының тіршілік ету ортасына байланысты дене салмағы 60 кг-ға дейін жетеді. Дала бөкендерінің аяқтары қысқа және жіңішке болғанымен, олардың жүгіру жылдамдығы 80 км/сағ, бұл жануардың көлікті басып озатынын көрсетеді.
Киікке тән қасиет - жоғарғы және төменгі еріндерін жауып тұратындай біршама төмен орналасқан, кішкене ұзартылған қозғалмалы мұрын, танаулары дөңгелек пішінді және жіңішке аралықпен бөлінген. Мұрынның ерекше құрылымына байланысты киіктер жазда және күзде ауаны шаңнан сүзіп, қыста жұтқан суық ауаны жылыта алады. Сонымен қатар, аталықтардың жұптасу кезіндегі мұрындары аналықтардың назарын аударып, қарсыласын қорқыту үшін белгілі бір дыбыстарды шығаруға қызмет етеді.
Киіктердің жүні де белгілі бір жағдайларға байланысты өзгереді. Жазда жүн қысқа және өте сирек, ұзындығы небәрі 2 см-ге жетеді, ал қыста қалың және тығыз жүнмен жабылған, ұзындығы 7 см немесе одан да көп. Киіктің түсі қыста ақшыл болады, бұл оны қысқы жыл мезгілінде көрінбейтін етеді. Сол себепті Қазақ халқы киікті Ақбөкен деп те атайды. Түлеу процесі көктемгі және күзгі кезеңде жүреді.
