Әдеби және ғылыми деректерге сәйкес, сондай-ақ ақбөкендермен практикалық тәжірибе жинақтаған мамандар киіктерді тірідей ұстаудың және олармен қорада одан әрі жұмыс істеудің ең жақсы тәсілі жаңа туған киіктермен төлдеу кезеңінде жүргізілуі керек деген қорытындыға келді. Осылайша, құралайлардың сүтпен қоректенетін кезеңіндегі ең жоғары өмір сүру көрсеткішіне қол жеткізіледі, сонымен қатар, жаңа туған лақтарды төлдеу орындарында жинаған кезде, адамнан сескенбейтіндей, ең қолайлы бейімделу сәті таңдалады.
Құралайды аулауға шығар алдында мамандармен алдын-ала дайындық жұмыстары жүргізіледі және техниканың әзірлігі қамтамасыз етіледі, қосымша құрал-жабдықтар мен шығын материалдары, жанар-жағармай және қосалқы бөлшектер, персоналға азық-түлік және арнайы киімдер, ақбөкендерге арналған құрғақ сүт пен ветеринариялық препараттар, жүк жәшіктері және т.б. көбірек сатып алынады.
