«Бетпакдала ақбөкендер популияциясының миграциялық жолдары».
Басылым: «SCIENCE AND EDUCATION IN THE MODERN WORLD: CHALLENGES OF THE XXI CENTURY» атты XIV Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жинағы. Астана, 2023. (56 – 60 бет.)
Ақбөкендер популяцияларына көптеген түрлі: табиғи-климаттық (жұт, құрғақшылық, миграция жолдарындағы су бөгеулері), биологиялық (аурулар, паразиттер, жыртқыштар), антропогендік (браконьерлік, кәсіптік аулау және басқа да адамның шаруашылық әрекеттері) факторлар әсер етеді. Олардың әсері не тікелей жануардың өліміне әкеледі, не оның өсімін молайтатын репродуктивтік әлеуетін кемітеді. Бұл аталған факторлардың ақбөкендер популяциясына тигізетін әсері жылдың әр кезеңінде әртүрлі, яғни біркелкі емес. Ертеде ақбөкендер санының өсу динамикасына көбіне табиғи-климаттық факторлар әсер ететін болған. Мысалы қар қалың немесе көктайғақ болған кездері олардың өлім-жітімі он және жүз мыңдаған ақбөкендерді құраған. Кей жылдары олар аусыл және әсіресе пастереллез ауруларынан жаппай қырылатын. Кейін қолайлы жылдары олардың саны қайтадан қалпына келетін. Алайда соңғы 2015 жылғы ақбөкендердің жаппай қырылуы еліміз бойынша дала антилопасы санын апаттық деңгейде азайтты. Қырылуға дейінгі саны 256,7 мың дарақты құраған жануар небары бір айдың ішінде үш облыстың аумағында 134 мың немесе 52,2% жуық ақбөкендер қырылды. Ғалымдардың зерттеулері бойынша ақбөкендер қырылуының негізгі себебі В типті гемаррогиялық септицемия (пастереллёз) — Pasteurella multocida қоздырушысы болып отыр.
Автор: Ибрайбеков Ж.Б.
